ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

14:22, 18 тамыз 2020

Елдегі кәсіпкерлік біртіндеп локдауннан шығуда. Сауда орталықтары, спорт залдар, балаларға арналған білім орталықтары мен сұлулық салондарынан басқа бірқатар кәсіпкерлік нысандары үшін шектеу шаралары алынды. 14 тамыздағы ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес кәсіпкерлер жұмыс істеуге рұқсатты электронды цифрлық қолтаңбамен infokazakhstan.kz электронды портал арқылы алу қажет. 50 мыңнан аса кәсіпкер портал арқылы өтініш берген. Портал жұмысын бастаған сәтте-ақ ең бірінші өтінім Қарағанды қаласынан келіп түсті. Ең белсенді қолданушылар Алматы облысының кәсіпкерлері. Шығыс Қазақстаннан осы уақытқа дейін 2 мың өтінім түскен. Облыс орталығында ең алғаш болып өтініш берген мына ірі сауда-ойын сауық кешені. Берілген электронды рұқсатқағазды басып шығарып, нысанға орнату міндетті. Айта кету керек, кәсіпкерлердің қандай да сұрақтары туындаса 1432 нөміріндегі тәулік бойы қызмет көрсететін колл-орталыққа хабарласуға болады.

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...