ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР СЕНБІДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

13:34, 3 желтоқсан 2020

Шығыс Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, дертке шалдығу көрсеткіші төмендеді. Өңір «қызыл аймақтан», «сары аймаққа» өтті. Коронавирусқа шалдыққан азаматтар санының төмендеуі кәсіпкерлік нысандардағы жұмыс уақытын өзгертуге мүмкіндік беріп отыр.ШҚО Бас санитарлық дәрігері міндетін атқарушы жаңа қаулыны бекітті. Аймақта коронавирусқа шалдығу көрсеткішінің төмендеуі бірқатар кәсіпкерлік нысан иелеріне сенбі күні  жұмыс істеуге жол ашып отыр. Аталған жеңілдік облыстың «қызыл аймақтан» «сары аймаққа» көшуіне байланысты енгізілмек. Сондай-ақ моншалар мен сауналардың қызметіне рұқсат берілмек. Қаулыға енгізілген жеңілдіктер сұлулық салондары, шаштараз бен барбершоптарға да қатысты. Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кәсіпкерлерге босаңсуға болмайтындығын, барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауды әлі де жалғастыру керектігін ескертеді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...