ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР МӘСЕЛЕСІ

13:34, 10 желтоқсан 2020

Пандемия кәсіпкерлердің қалтасын қақты. Аймақта енгізілген шектеу шаралары әсіресе шағын және орта бизнес өкілдеріне ауыр тиді.  Кәсіпкерлер несие төлеп, мойнындағы берешегін өтеп, кәсібін сақтап қалудың қамын жасап әлек.  Ал азық-түлік емес тауарларды саудалайтын шағын дүкендердің иелеріне  бас санитардың қаулысына сәйкес шектеу шаралары уақытында мереке және демалыс күндері келушілерді қабылдауға рұқсат берілмеген. Салдарынан тақырға отырудың алдында сәл-ақ тұрмыз деп дабыл қағуда. Бородулиха ауданына қарасты Жезкент кентінің кәсіпкерлері тығырыққа тірелдік дейді. Мәселе мына жайттан туындаған. Кәсіпкерлердің аумағы 50 шаршы метрден аспайтын шағын дүкендері үлкен көлемді сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтарына теңестіріліп, мереке және демалыс күндері жұмыс істеуіне шектеу қойылған.  Өз кезегінде кенттегі дүкен иелері кәсіпкерлер палатасына шағымданып, мәселенің тез арада шешілуін сұраған. Облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бұл мәселемен таныс екендіктерін айтады. Аталған проблемамен кәсіпкерлер мамандарға күнделікті жүгінетін көрінеді. Аталған проблеманы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратына жіберді, бұл мәселе ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады деп күтілуде.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...