ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

ГРАНТ АЛЫП, КӘСІП АШТЫ

13:33, 7 желтоқсан 2020

Аягөз ауданында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлердің жаңа идеяларын іске асыру үшін 200 АЕК-те яғни, 555 мың 600 теңге көлемінде грант берілуде. Бүгінде аудан бойынша 202 грант берілді. Мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін грантты көп балалы отбасылар, 29 жасқа дейінгі жастар, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар мен атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың алуға мүмкіндігі бар. Осы уақытқа дейін  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш білдіргендердің саны 275 адам. Арнайы комиссия отырысында олардың бизнес жоспарлары қаралып, 202 қатысушы мемлекеттік грантты иеленді. Грантты иеленушілердің басым көпшілігі мал басын көбейту, көкөніс өсіру мен қызмет көрсету салалары бойынша істерін бастап кеткен. Аталмыш бағытта ауданда мемлекеттік бағдарлама аясында кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп жатқандардың қатары көп. Солардың бірі – Замира Алпысбаева. Әкесінен ерте айырылып, 8 баланың тәрбиесін өз мойнына жастай алуы еңбекке ерте араласуына түрткі болды. Ол бүгінде анасынан дарыған тігіншілік өнерді дамытып, мемлекеттік гранттың арқасында кәсібін дөңгелетіп отырған жайы бар. Мамыр айында грантты иеленгендердің бірі ерлі-зайыпты Жұлдыз Төлеуғазин мен Ардақ Жақсыбаева. Жұмыссыз отырған отбасы қол қусырып қарап отырсмай, мемлекеттік гранттың мүмкіндігін пайдаланып екеуі екі сиырдан алған. Бүгінде мал өсіріп, сүт сауып күнделікті нәпақаларын тауып отыр.  Алдағы уақытта мал басын көбейту жоспарда бар. Жаңа жылдан кейін мал шаруашылығына арналған несие алу мүмкіндігін қарастырамыз дейді.

                                  

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...