ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

БАНКНОТТАРДЫ АЙЫРБАСТАУ

17:20, 30 қараша 2020

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ШҚ филиалы 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік ақшаны айырбастау мерзімінің аяқталғаны туралы хабарлайды. Қандай банкноттар айырбасқа жататыны және ауыстыру қайда жүргізілетіні туралы келесі сюжетте. ҚР Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалының ақпараты бойынша, келесі жылдың 28 ақпанында 2006 жылы шығарылған номиналы 1000 теңгелік банкноттардың айналым мерзімі аяқталады. Осыған байланысты халық ескірген үлгідегі банкноттарды айырбастауы қажет. Жалған ақша белгісін түпнұсқадан ажырату үшін банкнотты бірнеше белгілерінің бар-жоғына тексеру қажет. Мәселен, бейнелер мөлдір емес, анық болуы тиіс; қағаз өзіне тән ерекшелігі бар УК-сәулелердің әсерінен жарқылға ие болмайды; саңылауда "самұрық" мифтік құсының бейнесін және айқындылықтың жоғары дәрежесі бар номиналдың бейнесін білдіретін белгілері көрінеді; банкноттың алдыңғы және артқы жақтарындағы біріктірілген элементтер бүтін бір суретті құрайды; тактильді түрде банкноттың алдыңғы және артқы жағында арнайы бедерлі мөрді сезуге болады. Сондай-ақ, банк мамандары егер сауда немесе өзге де ұйымдарда 2010, 2011, 2013 жылдары шығарылған банкноттарды қабылдаудан бас тартса, онда айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда оларға ескерту жасалатынын, ал жағдай тағы қайталанса айыппұл салынатынын жеткізді. Банкноттарға қатысты барлық қажетті ақпаратты Ұлттық банк сайтының "Ұлттық валюта" бөлімінен табуға болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...