ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

17:15, 24 желтоқсан 2020

2030 жылға қарай өңірде өсірілетін балық көлемі 4 мың тоннаға жетуі тиіс.Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін Үкімет тарапынан  нақты индикаторлар мен субсидиялау, жер учаскелерін бөлу, инфрақұрылым жүргізу және басқа да мемлекеттік қолдау шараларын қамтитын бағдарлама бекітілмек. Бастама жемісті жүзеге асса Шығыс Қазақстан балық экспорты бойынша елдегі көшбасшы өңірлердің біріне айналады. Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Мағзұм Мырзағалиев өңірде балық шаруашылығын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аймақта аталған бастама енді қолға алынса да нәтиже жаман емес. Бұл кәсіпті қарқынды дамытуға толық мүмкіндік бар. Өңірде ханбалық өсірумен айналысатын шаруашылық өкілдерімен кездескен министр қолға алынған жұмыстарға жоғары бағасын берді. Кәсіпкерлер бұл бастамада отандық кәсіпорындар өндірген материалдарды пайдаланып келеді. Балық өсіруде шет елдік технология қолданылып келеді. Қазіргі таңда  экология министрлігі шаруаларды қолдау мақсатында бірқатар Заңдарға өзгеріс енгізіп, субсидия беру жолдарын қарастырып жатыр.

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...