ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

БАЙҚАУШЫЛАРДЫҢ САЙЛАУ ТУРАЛЫ ПІКІРІ

13:04, 10 қаңтар 2021

Сайлаудың әділ өтуін және «Сайлау туралы» заңның орындалуын тәуелсіз байқаушылар қадағалауда. Олар қазақстандық электораттың екі негізгі айырмашылығын баса айтты. Бірі – халықтың белсенділігі, екіншісі – көтеріңкі көңіл-күй. Шынымен көпшілік үшін сайлау кәдімгі мерекеге айналды. Бірін-бірі «мерекеңмен» деп құттықтап жатқандар да бар. Тәуелсіз байқаушылардың айтуынша сайлау жоғары деңгейде өтуде. Әзірге ешбір заңбұзушылық болған жоқ. Дауыс беру кезінде барлық заңнамалық және санитарлық нормалар сақталған. Естеріңізге сала кетсек, мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау қарсаңында партиялық съезд өткен болатын. Онда  әр партия сайлауалды бағдарламасын жариялап, депутаттыққа үміткер кандидаттардың тізімін ұсынды. Жалпы сайлауға партиялардың атынан 312 үміткер мәжіліс депутаттығына ұсынылған. Оның 222-сі ер адам, 90-ы әйел. Кандидаттардың ең кішісі 25 жаста, ең үлкені 70-те.

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛДЫҚТАР ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ
13:32, 28 желтоқсан 2020
АУЫЛДЫҚТАР ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар