ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ

13:32, 25 наурыз 2021

Шемонаиха ауданының шаруалары Өскемен тұрғындары мен қала қонақтарына өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеге келген жұртшылық бағасы арзан әрі сапалы азық-түлікке қоржындарын толтырып қайтты.  Облыс орталығында әр сенбі сайын жәрмеңке ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Бұл  қала тұрғындары үшін де, ауыл еңбеккерлері үшін өте тиімді. Ең бастысы, жәрмеңкеде экологиялық таза, құнарлы да сапалы өнімдер ғана саудаланады. Бағасы да қолжетімді. Жергілікті жерлерде өнімді сату, әдетте, көп уақытты алады. Көп күш жұмсауды қажет етеді, ал кәсіпкерлердің  айтуынша, жәрмеңкеге қала тұрғындары көп жиылады. Тауарларды өткізуде қиындықтар болмайды, дейді.  Айта кетерлігі, демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі қаланың екі жерінде бір уақытта өтеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар