ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

13:34, 5 қазан 2020

Өткен демалыс күндері Өскемен тұрғындары мен қала қонақтары үшін жақсы жаңалықпен басталды. Шектеу шаралары бәсеңдегеннен кейін алғаш рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Күзгі жәрмеңке маусымының алғашқы азық-түлігі, көкөніс пен жеміс-жидектері Глубокое ауданынан әкелінді. Сатылымға қойылған өнімдер түр-түрлі. Демалыс күні таңертеңмен ақ, сауда-саттық алаңы келушілерге толып кетті. Барлығы қолжетімді бағаға сапалы тауар алуға ниетті. Бұл күні әсіресе  ет өнімдері пышақ үстінен саудаланып кетті. Фермерлер 15 сиыр, 7 жылқы мен 8 қой және шошқа ұшасын әкелген. Көпшіліктің айтуынша баға қалтаға салмақ түсірмейді. Мысалы, сиыр етінің бір килограммы 2000 теңгеден басталса, жылқы еті 2200 теңгеден. Жәрмеңкеге Глубокое ауданының белгілі «Шахан-Ата» нан комбинаты да өз өнімдерін жеткізіпті. Комбинаттың нан және кондитерлік тауарларын өскемендіктер сөрелерден асыға күтеді. Ал, дәмді тағамды тұтынушылар қашан да болсын сатып алуға әзір екені белгілі. Айта кету керек, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жергілікті азық-түлік тауарларын өндірушілерге делдалсыз ақ сөнімдерін сатуға мүмкіндік береді. Солардың бірі Анна Ревина. Кәсіпкер облыс орталығына Черемшан ауылдық округінен ерекше өнімдерін әкеп отыр. Астананы қойып, облыс орталығындағы жәрмеңкеде молынан алып қалайын дегендердің қарасы көп болды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкесі енді бұрынғыдай әр демалыс сайын өтетін болады. Санитарлық талаптар қатаң сақталады.

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...