ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«Aster» дилерлік орталығы ашылды

13:30, 24 мамыр 2021

Жақында Өскеменде «Aster» атты жаңа дилерлік орталығы ашылды. Онда бірден 3 бренд ұсынылған: француздық  Renault, ресейлік LADA және Aster жүрісі мен кепілдіктері бар автомобильдердің алғашқы автосупермаркеты. LADA көліктері маркасы қазақстандық нарықта өзін ең қолжетімді және қауіпсіз автомобиль ретінде таныта білді. Темір тұлпарды салоннан тікелей тиімді бағамен сатып алуға болады. Бастапқы моделі - Lada Granta-ны өскемендіктер 3 890 000 теңгеден ала алады. Автосалон өз тұтынушыларына ыңғайлы несие шарттарын қарастырған. Және trade-in бағдарламасы бойынша өз көлігін жаңасына немесе жүрісімен айырбастау мүмкіндігі бар. Пайдаланылған автокөлікті сатып алғысы келетіндер үшін Aster жеке брендін ұсынады. Барлық көліктер 244 пункт бойынша диагностикалаудан және заңды қауіпсіздікте тексеруден өткен. Сондықтан, Aster санатындағы барлық қолдау көрсетілетін автомобильдерге 7 күн ішінде айырбастауға және 30 күндік тегін техникалық кепілдік беріледі. Автосалондағы жаңа көліктер мен жүрілген темір тұлпарлар нұсқасын aster.kz сайтынан көруге болады. Үйден шықпай-ақ, 360 градус режимінде салон мен автомобиль корпусын қарап, диагностика нәтижелері бойынша техникалық жағдай туралы нақты ақпаратты ала аласыз. Айта кетейік, көліктер aster.kz сайтында да, автосупермаркет пен жеке сатушылардан да қол жетімді және қазірдің өзінде 15 000-нан аса темір тұлпар бар. Мобильді қосымшаны App Store және Google Play-де жүктеуге болады. Ал автосупермаркеттің өзі Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы 76/2 мекенжайында орналасқан.

 

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар