ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

Ашық бюджет-ашық әкімдік

13:32, 25 желтоқсан 2020

Облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері мен "Шығыс-адалдық алаңы" жобасын іске асыру барысы талқыланды. Шараға ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, "Шығыс-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшілері, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық басқармалардың басшылары қатысты. Аймақ басшысы Даниал Ахметов мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына қоғамдық бақылаудың күшейгенін ерекше атап өтті. Мәселен, "Ашық бюджеттер" порталында бюджеттік бағдарламалардың жобалары бекітілгенге дейін көпшіліктің талқылауына жарияланады. Сол арқылы тұрғындар  қаражатты жұмсау процесіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік алады. "Шығыс – адалдық алаңы" жобасы аясында өңірдегі барлық қала және аудан әкімдіктері толық "Ашық әкімдік" форматына көшті. Бұл модель облыстың тағы 11 ірі ауылдық округтерінде жүзеге асуда. Жұмыстың жаңа форматы тұрғындарға "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік органдардан қызметтерді және түсіндірме жұмыстарын жедел және кедергісіз алуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс әкімдігі тарапынан атқарылған жұмыстың кең ауқымын атап өтті. Шығыс Қазақстан мемлекет басшысының жолдауы аясында "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасында белгіленген мемлекеттік органдарды трансформациялау және халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшу жұмысын алғашқылардың бірі болып жүзеге асырды.

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар