ШҰҒЫЛ! ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАЙТЫН ЗАУЫТ БОЙ КӨТЕРЕДІ Толығырақ

Абаттандыру жұмыстары

14:32, 22 мамыр 2020

Көкпекті ауылын абаттандыру бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Наурыз айының басында Шымкент қаласынан боз арша, ерекше тұқымды раушан және глобус гүлдері, ал мамыр айында Марқакөл ауылынан 400 шырша көшеттері  әкелінді. Қазіргі кезде егу жұмыстары жүріп жатыр. Аудан орталығында бір жыл ішінде үш саябақ ашылды. Жергілікті тұрғындардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар ауыл орталығындағы Абылайхан және Абай көшелерінің қиылысында орналасқан бағдаршамды және жол белгілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Жаяу жүргіншілерге арналған заман талабына сай бағдаршамдар орнатылды. Ажа, Шәріптоғай және Толағай ауылдарының көшелеріндегі жарықшамдар ауыстырылуда. Алдағы уақытта Ұлы дала елі алаңында Абылайханның ескерткішін орнату, ауыл көшелерінің жолдарын жөндеу, Абылайхан және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында бағдаршам орнату сынды жұмыстар жоспарлануда.

Тақырып бойынша материалдар

"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
13:30, 5 сәуір 2021
"SEMEY BUS" ЖШС ҚАРЫЗЫ 2 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
13:34, 12 мамыр 2021
ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...