ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«ЖЕРҰЙЫҚ» ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ

13:34, 1 наурыз 2021

Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында Өскеменде «Жерұйық» фильмі көпшілік назарына ұсынылды. Бұл туынды отандық  режиссерлер -  Лаврений Сон мен Сіләмбек Тәуекелдің бірлескен еңбегі. Фильмде өткен ғасырдың 1930-40 жылдарындағы елімізде қалыптасқан жағдай бейнеледі. 20 ғасырдың 30-40 жылдарында көптеген ұлттар жантүршігерлік репрессияға ұшырап, мәжбүрлі түрде басқа елдерге депортацияланды.  Жер аударылғандардың саны жүздеген мыңдап саналады. Олардың көпшілігі - қарттар, әйелдер мен балалар. Бұл қорқынышты сапарды бастан өткергендер  суық вагондарға отырғызылып, арып-ашып,   уайым-қайғыға түскендерін айтады. Олардың көпшілігі Қазақстанға келді. «Жерұйық» фильмі мигранттардың қиын өмірі мен қазақтардың оларға көрсеткен көмегі туралы баяндайды. Фильмді көргеннен кейін көрермендер керемет әсермен шықты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фильм Алғыс айту күні мерекесіне орай тағы да көрсетіледі.

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар