ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАНДЫ

13:38, 30 наурыз 2021

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында «Почему люди не..?» қойылымы сахналанды. 2007 жылы жазылған монодрамма бұған дейін Ресей, Беларусь және Украина театрларында қойылған. Енді міне алғаш рет өскемендік көрермен назарына ұсынылды. Қойылым сахнада бір ғана актердің ойнауы және әдеттегі қарама-қайшылықтар мен ойын-сауықтық әрекеттердің болмауымен ерекшеленеді. Оқиға салынып бітпеген көп қабатты үйдің төбесінде басталып, кейіпкер сол жерде өз өмірін қиюға тырысады. Актердің өз рөлін шынайы сомдай білуі көрермендерді қызықтыра түсті. Сахнада жас жігіттің өз өзімен, қорқыныштарымен, қоғаммен қақтығысы, күйзелістері сәтті бейнеленді. Моноспектакльдің тұсаукесері көрермендерге ой салып, ерекше әсерге бөледі.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар