ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ҮЗДІК АКВАРЕЛЬШІ

13:36, 30 наурыз 2021

Өскемендік суретші Әлфия Мұхамедьянова Ұлыбританиядағы халықаралық фестивальдің іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әлемдегі үздік 200 акварельшінің қатарына енді. Бүкіл әлемді таңқалдырған кескіндемеші жайлы  келесі бейне материалда. Әлфия Мұхамедьянованың картиналарын әуесқой суретшілер де, кәсіпқой суретшілер де жоғары бағалады. Грузияда өткен халықаралық фестивальде суретші 2020 жылдың үздік акварелисті ретінде алтын медальға ие болды. Оның туындылары Ресейде, АҚШ-та, Грецияда, Тайваньда, Грузияда, Малайзияда көрмеге қойылды. Суретші жұмыстарының тақырыбы сан алуан. Автор халқымыздың салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына арналған "Алтай жүздері" атты картиналар сериясын жазған. Оның жұмыстары түрлі-түсті бояғыштарымен, техниканың жоғары деңгейімен және терең білімімен таң қалдырады. Мамандардың пікірінше, акварель-бейнелеу өнерінің ең күрделі әдістерінің бірі. Бұл өнер түрі қателікті кешірмейді, кез-келген артық қимылдан суреттің бүлініп кетуі де ғажап емес. Суретші атап өткендей, қазір әлемде этно-тақырыптағы жұмыстарға қызығушылық жоғары. Демек, сұраныс бар. Әр түрлі елдерден келген кескіндеме әуесқойлары қазақ халқының тарихы мен дәстүрлерінен сыр шертетін кенептерді алғысы келеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар