ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«ТОНАУ» ҚОЙЫЛЫМЫ

13:30, 23 сәуір 2021

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында "Тонау" қылмыстық комедиясының премьерасы өтті. Қойылым драматург Ксения Степанычеваның пьесасы бойынша сахналанды. Жаңа туынды көрермендерді несімен баурап алды? Режиссер Роман Степенскийдің  қылмыстық комедиясы қызықты оқиғаларға толы. Қойылым желісі бойынша екі құрбы Маша мен Надя саңырауқұлақ теруге орманға барады. Жол-жөнекей құрбылар көліктерімен қолында сөмке толы ақшасы бар ер азаматты қағып кетеді. Соққыдан ол естен танып қалады. Мінекей, дәл осы сәттен бастап қыздардың серуені шытырманға айналады.  Қойылым үлкен ізденіс пен еңбектің нәтижесі. «Комедия жанрында болса да, қыздардың  қым-қуыт оқиғасы арқылы өмір шындығын бейнелейді» - , дейді қойылым режиссері. Қойылым тұсаукесерінің сәтті өткендігінің бірден-бір дәлелі – көрерменнің ыстық ықыласы мен орнынан тұрып қол соғуы.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар