ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ

13:34, 23 ақпан 2021

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы кітапханада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған панорамалық көрме ашылды. Көрменің ерекшелігі – ақпараттар жаңаша форматта ұсынылған. Тәуелсіздіктің 30 жылындағы белестерді бір көрмеге сыйғызу мүмкін емес. Алайда Оралхан Бөкей кітапханасының қызметкерлері бұл идеяны жүзеге асыруға тырысқандарын айтады. Ақпараттық мобильді плакаттар тарихтан сыр шертеді. Панорамалық көрменің ерекшелігі - оның мобильді форматы, сондай-ақ келушілер өздерін қызықтыратын қосымша ақпаратты білуі үшін QR кодтарды қолдана алады. Тарихқа тереңірек үңілгісі келетін жандарға тәуелсіз ел дамуының белгілі бір кезеңдері туралы әңгімелейтін әртүрлі авторлардың  сирек кездесетін басылымдары да ұсынылған. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған көрмені кітапхана оқырмандары жыл бойы тамашалай алады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
13:36, 25 ақпан 2021
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...