ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

«ШАМ АСТЫНДАҒЫ ЕРТЕГІЛЕР» ЖОБАСЫ

13:30, 7 сәуір 2021

«Шам астындағы ертегілер». Өскемендегі Пушкин атындағы   облыстық  кітапханада осындай ерекше жоба қолға алынды. Бұл жобаның мақсаты - жас жеткіншектердің оқуға деген ынтасын арттырып, қызығушылығын ояту. Қай кезде де кітап оқудың жөні бөлек. Ал шамның астында кітап оқу тіпті қызық. Қараңғы бөлмеге жайғасқан балалар үстелдің айналасында қаз-қатар отырып,  кітапханашы оқыған ертегілерді қызығушылықпен тыңдайды. Әдепкі кітап оқудан артықшылығы да осында. Мамандардың айтуынша, кітап оқу баланың қиялын ғана емес, сонымен қатар әдеби шығарманы талдау қабілетін де дамытады. Дауыстап оқу форматы балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырады. Оқырманын ерекше тәсілмен таңғалдырған жобаға 7 жастан 9 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Ал "Шам астындағы ертегілерді" апта сайын кітапханаға келіп тыңдауға болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар