ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

«МУЗАЛАР ҮНІ» КӨРМЕСІ

17:17, 20 мамыр 2021

Зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханада шығысқа танымал суретшілердің туындылары қойылды. «Музалар үні» деп аталатын ерекше көрме келушілер көңілінен шығуда. Арт – галередағы туындыларда туған өлкенің табиғаты мен тарихы бейнеленген.   Көз жанары нашар көретін жандар мұндай шараларды асыға күтеді. Себебі, кітапханаға келушілер әдемілікке құмар, өнерді жоғары бағалайды.  Көрмеге қойылған жергілікті суретшілердің туындылары келушілердің көңілінен шықты. Суретшілердің  бірегей туындыларын жинайтын белгілі ақын, өлкетанушы  Алдияр Әубәкіровтың айтуынша әрбір сурет тарихтан сыр шертеді. Бұл көрмеге Алдияр Ақылбекұлының жеке жинағынан ұсынылған туындылардың әр қайсысы өзінше ерек. Жерлестерінің түрлі техникада орындалған шығармаларын жинаумен бұрыннан айналысады. Суретшілердің туындыларымен жақынырақ танысамын дегендерге қашан да көрменің есік ашық. Өлкенің әр кезеңін суреттейтін арт-галерея мамыр айының соңына  дейін жұмыс істейтін болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...