ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Мәдениет қызметкерлері марапатталды

17:15, 21 мамыр 2021

21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні.  Бұл күн 2013 жылы Президент Жарлығына сәйкес мереке ретінде белгіленген болатын. Бүгін атаулы күнге орай Өскеменде салтанатты шара өтіп, облыстың мәдениетіне үлес қосқан үздіктер марапатталды. Тілеуберді Қайроқанов сахнаға алғаш рет 16 жасында шыққан. Содан бері өнер саласында қызмет етіп келеді. 42 жыл бойы мәдениет саласында жүрген жан өнерге қосқан өлшеусіз үлесі үшін Құрмет грамотасы мен арнайы сыйақыға ие болды. Өскеменде халқымыздың рухани байлығын, ұлттық өнерімізді насихаттап жүрген талант иелеріне құрмет көрсету дәстүрге айналған. Шара барысында қоғамдық және саяси өмірге белсенді қатысқаны, жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбегі және шығармашылық үлестері үшін 10 адамға арнайы төсбелгі табысталды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Екі елге өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетіледі
13:36, 26 қараша 2021
Екі елге өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетіледі
Толығырақ...