ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНАН КӨНЕ ҚОРҒАНДАР ТАБЫЛДЫ

12:13, 4 қараша 2020

Семейдегі сауда-ойын-сауық орталығының салынып жатқан құрылыс алаңынан көне қорғандар табылды. Археологтардың болжамынша, бұл б.з.д 4-3 ғасырларда салынуы мүмкін. Белгілі болғандай, құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көне қорғанның 95 пайызға жуығы сүріліп кеткен. Ал тарихи жәдігерлердің табылғаны туралы археологтарға құрылысшылар хабарлаған. Қазір табылған заттардың негізінде тиісті сараптама жасалуда. Тарихи қорғандарды сауда-ойын-сауық орталығын салып жатқан құрылысшылар кездейсоқ тауып алған. Қыш ыдыстардың сынығын байқаған олар бұл туралы археологтарға хабарлаған. Нәтижесінде ежелгі қорғаннан ағаш табыттың және екі қыш ыдыстың сынықтары мен мал сүйегі табылды. Айдын Жүнісхановтың айтуынша, бұл жәдігерлер б.з.д 4-3 ғасырларда жасалған болуы мүмкін.  Бірақ оның нақты уақытын тиісті сараптамадан кейін ғана білуге болады. Қазір көне қорымдар табылған құрылыс аумағында жұмыстар уақытша тоқтатылған.   Сипаты жағынан көне қорымдар ежелгі темір дәуірінде салынуы мүмкін деген болжам бар. Белгілі болғандай тарихи жәдігер тереңдігі шамамен 3 метр жерден анықталған. Табылған ағаштар мен қыш ыдыстардың жақсы сақталған. Бұл жерде мұндай заттар көп болуы да мүмкін. Алайда қорымның басым бөлігі сүріліп кеткендіктен оны анықтау мүмкін болмады, - дейді археолог. Айдын Жүнісхановтың айтуынша, Семей қаласы археологиялық тұрғыдан өте аз зерттелген аймақтардың бірі. Кәсіби археологиялық зерттеулер жүргізілмеген. Сондықтан қала орталығынан табылған көне жәдігерлер болашақта мұнда археологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге негіз бола алады. Ең бастысы көне қорғанның Семей қаласынан табылуы шаһарымыздың тарихы 300 жыл емес, ежелгі дәуірлерден басталатынын аңғартса керек.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...