ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

КҮРШІМ МЕН АБАЙ АУДАНДАРЫ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ

17:15, 5 мамыр 2021

Өскеменде «Дала дидары»  өнер фестивалі жалғасуда. Бұл жолы Абай мен Күршім ауданының суретшілері мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлері өз туындыларын жұртшылық назарына ұсынды. Көрмеден  қыл қалам шеберлерінің өз қолдарымен жасаған торсықты, қамшы мен қалқан секілді дүниелерді көруге болады.  Абай ауданынан келген Ержан Сыдықбайдың Абай –Шәкәрім кесенесі бейнеленген пейзаждық кескіндемесіне жұрт айрықша қызығушылық танытты. Сондай-ақ Нұргүл Тұрысбекова бисермен, киізбен жасалған жұмыстарын көпшілікке таныстырды. Бұл көрмеде оның панельдеры мен қуыршақтары, яғни өз қолымен жасалған кәдесый өнімдері ұсынылды. "Дала Дидары" жобасы аясында бұл күні Күршім ауданының қыл қылам шеберлері де өз туындыларын көрермен назарына ұсынды. Көрмеден Саябек Бежекенов пен Ерғазы Қалиғожиннің қолынан шыққан домбыраларды, Сара Толғанбайқызының кестелерін, сондай-ақ төсеме кілемшелерді, ағаштан жасалған бұйымдарды тамашалауға болады. Өз қазанында өзі қайнап жатқан аудандардағы суретшілер мен қолөнершілердің туындыларын облыс көлемінде дамытқымыз келеді дейді өнер музейінің қызметкерлері. Облыстың екі ауданының шеберлерінің туындылары ұсынылған көрме  мамыр айының 30-на дейін жұмыс істейді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар