ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

КҮМІСТЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН ШЕБЕР

13:30, 16 ақпан 2021

Көкпекті ауданында қолөнер құдіретін бойына жастайынан сіңіріп, күмістен түрлі әшекей-бұйым жасайтын шебер бар. Оралбек Бекқали атажұртына орала салысымен атадан балаға мирас болып, ғасырлар бойы қалпын бұзбай сақталған бұл өнерді ауыл жастарына да үйретіп келеді. Оралбек Бекқали 2005 жылы іргеміздегі Қытайдан атажұртына оралады. Жастайынан өнерге бейім жан әкеден дарыған өнердің отын сөндірмей,  5 жылдан бері күмістен түрлі бұйымдар жасаумен айналысып жүр. Зергердің айтуынша, әуелде суретші болғысы келген. Дегенмен, түрлі әшекей-бұйым жасауға құштарлығы нақты осы бағытта жұмыс істеуіне жол ашқан. Зергердің қолынан шыққан бұйымдарға Көкпекті ауданынан ғана емес, өзге өңірлерден де тапсырыс түсетін көрінеді. Әшекей-бұйымдардың ішінде білезіктер, тұмарлар, неке жүзіктеріне сұраныс көп. Бір тапсырысты орындауға жұмыстың күрделілігіне байланысты 1-2 аптаға жуық уақыт кетеді дейді қолөнер шебері. Қазіргі таңда зергер мектеп оқушыларын да аталған өнерге баулуда. Зергердің алдағы жоспары халық сұранысына сай, заманауи үлгідегі бұйымдарды жасау.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар