ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ» ҚОЙЫЛЫМЫ

13:36, 2 наурыз 2021

Өскемендегі қазақ театры осыдан 21 жыл бұрын Ғабит Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклімен ашылды. Арада жылдар өткен соң түбі бір түркі жұртына ортақ классикалық туындының премьерасы өтті. Бір-бірін құлай сүйген ғашықтар трагедиясы театр сахнасында жаңаша форматта сахналанды. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» поэмасы - XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры. Ел ішінде 30-дан астам нұсқасы бар делінеді.  Қазақ, қырғыз, түрікмен, ұйғыр, башқұрт, татар, алтай елдерінде кеңінен таралған.  Олардың арасындағы ең белгілісі – ақын, жырау Жанақ Сағындықұлының нұсқасы. Поэма көптеген шет тілдерге аударылды. Театрларда сан мәрте сахналанды. Жаңаша форматта көрерменге жол тартқан спектакльге театрдың қазақ труппасының 30-ға жуық актерлерінің бәрі тартылған. Әркімнің өз рөлі бар. Әртістер классикалық туындыны екі күн, екі құраммен ойнады. Спектаклдегі Баянды алғаш рет осыдан 21 жыл бұрын Мәдина Құмарова ойнаған. Енді ол Баянның анасы – Күнікейді сомдайды. Актриса өз жасынан едәуір үлкен әйелдің образын ашады. Пьесадағы кесек  тұлға – Қарабай. Әлемдік әдебиетте де, орыс әдебиетінде де сараң адамдардың типтік  образдары жасалған. Ол ел есінде дүниеқоңыздығымен ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан образ. Қарабай мал үшін жалғыз қызы Баянды құрбан етеді. Әкесіз өскен, қолында малы жоқ Қозыға бергісі келмей, қалың мал берем деген Қодармен қол ұстасады.  Драматург Қарабай образын шегіне жеткізе, ерекше типтендіріп, сараңдық пен дүниеқорлықтың жиынтық бейнесі етіп шығарған. «Қозы Көрпеш Баян сұлу» пьесасындағы тартысҚозы, Баян, Күнікей, Мақпал, Жарқын сияқты жағымды кейіпкерлер мен Қарабай, Қодар, Жантық сияқты жағымсыз кейіпкерлер арасындағы күреспен өрбіген. 

Пьесаның бас кейіпкерлері Қозы мен Баян өз сүйіспеншілігін ардақтай білген, сол жолдағы  кедергілерді жеңуге бел буған тәуекелшіл жастар.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар