ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«КӨКТЕМ БОЯУЛАРЫ» КӨРМЕСІ

13:38, 16 наурыз 2021

Шығыс Қазақстан облысының суретшілері көктемнің айшықты сәттері, шуақты күндері мен алуан түрлі көріністерін бейнеледі. «Жаңғыру» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған көрмеде отандық танымал суретшілермен қатар, өнерге алғаш қадам басқан жастардың жұмыстары қойылған. Аталған суретшілер бірлестігінің құрылғанына бір жылдан асты. Өткен жылы қылқалам шеберлері Һәкім Абайдың 175 жылдығына орай үлкен көрме өткізді. Ал биыл Ұлыстың ұлы күні  қарсаңында  «Көктем бояулары» атты көрмені ұйымдастырды. Қала мен ауылдағы суретшілер арасында мәдени байланыс орнаған.  Бірлестік мүшелерінің арасында Тарбағатай, Жарма, Катонқарағай сияқты аудандардағы көркемсурет мектептерінде жұмыс істеп жүрген жастар бар. Өнерге алғаш қадам басқан қылқалам иелері үшін тәжірибелі суретшілердің қолдауы ерекше. Авторлық туындыларын көрмеге ұсынамын деген әрбір дарын иесі назардан тыс қалмайды. «Жаңғыру» бірлестігінің мүшелері Құдаш Нұрсадықов, Ержан Тұрғамбаев, Гүлнәр Бекбердинова сынды белгілі суретшілердің үлкен буыны жастардың таудай талабын шыңдап, шығармашылық тұрғыдан көмектеседі.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар