ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Келіндер байқауы

13:30, 9 маусым 2021

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлан ауданында дәстүрлі «Аяулы жас келін» облыстық байқауы өтті. Ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұлықтауға бағытталған сайысқа өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиырмаға жуық жас келін қатысты.  Қазақ халқы келінді ұрпақ жалғастырушы ғана емес, әулеттің ырысы, құт берекесі деп білген. Ал қазіргі заман келіндері қандай?! Облыстық келіндер байқауында бүгінгі күнгі қазақ келініне тән қасиеттер паш етіліп, барлық қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Ою өрнекті қазақы киім жас келіндердің көркін асырып ажарын аша түскендей. Сайыс шарты бойынша келіндер ұлттық тағамдарды дайындады. Бауырсақ пісіріп, самауырға шәй қайнату шеберліктерін де паш етті. Шығармашылық кезеңде өз өнерлерін ортаға салып ән мен жырдан шашу шашты. Биылғы байқаудың бас жүлдесін Үржар ауданының қатысушысы Талшын Юсупханова иеленсе, қалған жүлделі орындарды Шемонайха мен Аякөз ауданының  келіндері өзара бөлісті. Шара соңында байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдар мен сыйақылар табысталды.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар