ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ КУРЬЕРЛЕРІ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ИСПАНИЯДАҒЫ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

13:30, 23 ақпан 2021

Арғыдағы Қорқыттың күйлерінен бастап, бергі замандағы Ықыластың шығармаларына дейін жалғасып, бізге жеткен қобыз сарыны халқымыздың қастерлі мұрасы. Бүгінде ғасырлар үнін жаңғыртып, бабаларымыздан қалған бағлан өнерді насихаттап жүрген жандар қатары баршылық. Өскемендегі өнер училищесінің студенті, қобыз аспабын жетік меңгерген Айым Медет Испанияда өткен халықаралық «Еуропа таланттары» байқауында 1 орынды қанжығасына байлады. «Ішекті аспаптар» номинациясы бойынша өткізілген байқауға 16 мен 19 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Байқау карантиндік шараларға байланысты онлайн режимінде ұйымдастырылған. Асыл мұраны қастерлеу, меңгеру бүгінгі, келешек ұрпақтың парызы десек, оны оқып-үйрету білікті ұстаздардың міндеті. Шәкірттерінің талантын шыңдап, өнердегі қадамдарына жол ашып жүрген Айымның ұстазы Маржан Көшкінбаева 22 жылдан бері қобыз сыныбының оқытушысы. Ұлттық өнерді насихаттап оны шәкірттерінің бойына сіңіруде ұстаз еңбегі зор. Айым - Өнер училищесінің үшінші курс студенті. Халықаралық байқаудың екі кезеңінен де сүрінбей өткен бойжеткеннің бағын ашқан домбырашы, сазгер Айтқали Жайымовтың «Ереуіл атқа ер салмай» шығармасы. Қобыз аспабының бойында 17 ғаламның үні бар деп бекер айтылмаса керек. Қобыздың үні адамның жан дүниесіне тазартып, адалдық пен шындық жолымен жүруге жетелейді дейді Айым. Алдына айқын мақсат қойып, соған жетуге талпынып жүрген Айым мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта өтетін байқауларға дайындық үстінде. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОЙ ЖҮНІН ӨҢДЕУШІЛЕР БАЖ САЛЫҒЫН ТӨМЕНДЕТУДІ СҰРАДЫ
13:32, 23 ақпан 2021
ҚОЙ ЖҮНІН ӨҢДЕУШІЛЕР БАЖ САЛЫҒЫН ТӨМЕНДЕТУДІ СҰРАДЫ
Толығырақ...