ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ Толығырақ

ЕЛОРДАЛЫҚ ДИРИЖЕРЛЕР - ӨСКЕМЕНДЕ

13:30, 27 қаңтар 2021

Өскеменге Елордадан дирижерлер келді. Қазір олар Өскемендегі Байжігіт атындағы қазақ ұлттық аспаптары оркестрімен тәжірибе алмасып, шеберлік сыныптарын өткізуде. Толығырақ әріптестерім дайындаған бейнематериалда.Байжігіт атындағы қазақ ұлттық аспаптары оркестрінің алға қойған мақсаттары көп. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Өнер ұжымы атаулы датаға дайындықты қазірден бастап кетті. Осы орайда Нұр-Сұлтаннан Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Дәурен Ғылымов бастаған дирижерлер келді. Оның айтуынша, оркестрдің академиялық деңгейге жетуге әлеуеті зор. Елордалық дирижерлердің айтуынша, Өскеменде шығармашылықпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Өнер ордалары жөндеуден өткендіктен жұмыс істеу ыңғайлы екендігін атап өтті. Оркестр негізінен жастардан құралған. Ал олардың шығармашылық деңгейіне Дәурен Ғылымов жоғары баға берді. Осы шеберлік сынбының қорытындысы ретінде жуықта Байжігіт атындағы оркестр концерт беруді жоспарлап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар