ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ЕЛЕНА ҚАЗАҚ ТАЗЫСЫН ӘЛЕМГЕ ТАНЫТЫП ЖҮР

13:38, 26 қаңтар 2021

«Ит жақсысы – тазы». Ертеден қалған бұл есті сөзді ерекше түсінетін жанның бірі өскемендік Елена Хардина. Ол қазақ тазысын әлемге әйгілі ету жолында ерен еңбек етіп жүрген итбегі. Кинологияның қиындығы мен қызығын қатар көрген нәзікжанды бүгінде Қазақстан кинологтар одағының облыстық филиалының басшысы, Тазы ұлттық клубының президенті. Жауапты іспен жасқанбай айналысқан тұлға жайлы Данияр Қайратұлының материалында. Елена Хардина тазысымен серуендеуге шықса, елемейтін жан жоқ. Төрт аяқтының сұлулығы мен сымбатынан бөлек, ит иесінің киім үлгісі де көздің жауын алады. Қолындағы қазақ тазысы, үстіндегі ұлттық нақыштағы киімі біріне-бірі жарасып-ақ тұр. Бұл Елена Хардинаның осы салада жылдар бойы жинаған тәжірибесінің жемісі. Түрлі облыстық, республикалық көрмелер, Азия, Әлем чемпионаттарынан алған алғыс хаттары, диплом-грамоталары. Сондай-ақ, сан алуан кубогтар да көз жауын алады. Міне, нағыз еңбек деп осыны айт. Мұндай жетістікке Елена ханым өзінің табандылығы, өз ісіне деген адалдығы арқасында жеткен. Итбегіні қынжылтатыны да осы. Қазақ ит тұқымының халықаралық кинология одағының тізілімінде таза, асылтұқымды ретінде тіркелмеуі. Алайда, өзге де итбегілер Елена Хардинадай бұл бағытта жұмыс істесе ол күн де алыс емес. Шығыс Қазақстанда тазы тұқымын рәсімдеуге басқа аймақтарға қарағанда аса жауапкершілікпен қарайтынын айтады. Соңғы бес жылда аймақта 540 тазы Қазақстан кинологтар одағы растаған  куәлікпен тіркелген. Сабырбай Сахариев те тазы ұстап, ата-салтын жалғаған азамат. Еленаның еңбегін елемей кетпеуге болмайды дейді. Оның айтуынша, көпшілік менмін деген ер адамдарға бергісіз іспен шұғылданып, қазақ атын шетелге танытып жүр. Ұлттық дәстүрді дәріптеп, саятшылық өнерді жаңғырту кез-келгеннің қолынан келмейді. Тегі тереңде жатқан істе тиянақтылық пен ізденіс қажет.



 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар