ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

БҮРКІТШІЛЕР САЙЫСЫ

17:15, 1 наурыз 2021

Облыста бүркітшілер сайысы өтті. Қыран құсын қолына қондырып, жүйрік атын тақымдаған саятшылар бұл жолы Өскемен қаласында бас қосты. Ересектер арасындағы бүркітшілердің 15-ші республикалық чемпионатына еліміздің әр өңірінен ең мықты құсбегілер жиналды. Арман Қошқаров сайысқа арнайы Атырау облысынан келген құсбегі. 15 жасынан дәстүрлі өнерді жанына серік еткен ол барлық байрақты бәсекелерге үзбей қатысып келеді. Тіпті, баптаған бүркітімен шекара асып, Дубай қаласында өнер көрсеткен. Бұл жолы да үздіктер қатарынан көріну үшін барын салды. Ел шығысында бүркітшілік кенжелеп қалған еді. Бірақ, аймақта кейінгі жылдары бабадан қалған бағлан өнерді қайта жаңғыртып,  жандандыруға көп көңіл бөлінуде. Шығыс Қазақстан облысында осымен алтыншы мәрте өткізіліп отырған бүркітшілердің 15-ші республикалық чемпионаты осыған дәлел. Бабадан қалған бекзат өнерді кейінгі ұрпаққа дәріптеу маңызды. Бүркітшілер сайысын дәстүрлі түрде ұйымдастырудағы негізгі мақсат та осы. Биылғы бүркітшілер сайысына елдің 12 облысынан құсбегілер қатысты. Сайыс қорытындысында үржарлық бүркітші Нұғым Қайдар 1 орынды, атыраулық Арман Қошқаров 2 орынды, жетісулық Аян Сейітжан 3 орынды иеленді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар