ШҰҒЫЛ! ЖАҢА БАСПАНАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖЫЛДАРЫ

13:36, 9 сәуір 2021

Қазақстанның Халық әртісі Мапруза Утуленова биыл өзінің 60 жылдық мерейтойы мен шығармашылық қызметінің 40 жылдығын атап өтпек. Әнші шығармашылығының сәтті кезеңі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы жылдарына сәйкес келіп, қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндіктердің болғандығын мақтан етеді. Семей қаласы мен Шығыс Қазақстанның ерекше дауысты әншісі Мапруза Утуленова – Ақмола облысының тумасы. Тұрмысқа шыққаннан кейін, қоныс аударып, содан бері Семейде еңбек етіп келеді. Мапруза Утуленова кәсіби сахнада 16 жасынан бастап өнер көрсетуде. Отбасында ән айтқанды жақсы көретінбіз,- дейді халық әртісі. Оның арғы әжесі халыққа кеңінен танымал «Дударай» әнінің авторы - Мария Егоровна Рекина.  Сондықтан музыка мен әнге деген сүйіспеншілік біздің арғы бабаларымыздан дарыған, дейді Мапруза Утуленова.  Шетелде өнер көрсетіп, еуропадағы көрерменге қазақ халқының мәдениетін, тілін, дәстүрін, музыкасы мен әндерін жеткізу тәуелсіздік жылдарындағы үлкен жетістік болды, -деп еске алады әнші. Халық әншісі сахнада өнер көрсеткен жылдарында музыка мен әннің құдіреті көз жеткізгендігін айтады. Әсіресе көрермендер туған жер туралы әндерді ерекше қабылдайды, дейді ол. Биыл әртіс өзінің қос мерейтойын яғни, 60 жасқа толуы мен шығармашылық қызметінің 40 жылдығын атап өтпек. Осыған орай Мафруза Утуленова Өскемен мен Семейде үлкен концерттер беруді жоспарлап отыр. Оның онлайн немесе офлайн тәртіпте өтетініне қарамастан, көрерменнің алдында есеп беруге міндеттімін, -дейді әнші.

Тақырып бойынша материалдар

КҮРШІМ МЕН АБАЙ АУДАНДАРЫ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ
17:15, 5 мамыр 2021
КҮРШІМ МЕН АБАЙ АУДАНДАРЫ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар