ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

БЕЙБІТШІЛІК БАЛАЛАРЫ

17:17, 25 ақпан 2021

Әлемдік мәдени құндылықтармен үндес, қазіргі заманғы қазақтың озық мәдениетін қалыптастыру. Бұл тәуелсіздіктің қалыптасуы кезеңінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған  міндеттердің бірі болды. Қалада сол жылдары жаңадан ашылған  балет мектебі мен кейіннен "Бейбітшілік балалары"халықаралық мәдени орталығының негізін қалаған Камилия Исмаилова шалғайдағы балаларды бекзат өнерге баулуға  белсене кірісті. 1994 жылы Семейде ашылған балет мектебі бірден қала өмірінде өзінің лайықты орнын алды. Осы жылдар ішінде  мыңдаған бала бекзат өнермен танысып үлгерді. Мектеп бишілері хас өнерді жоғары  деңгейде меңгеріп, көпшілігі халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдарда оза шауып, бәйге бермеді. Семейлік жас бишілер халықаралық танымалдыққа ие болып, белгілі бір дәрежеде еліміздің бейбітшілік елшісі ретінде мойындата бастады. 2006 жылы ірі отандық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық пен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін " Бейбітшілік балалары "Халықаралық мәдени орталығы" балалар қоғамдық бірлестігі тіркелді. Балалар бірлестігінің міндеті – өнерлі  балалардың әлеуетін танытуға ықпал ету. Қоғамдық бірлестік "Бейбітшілік елшілері" халықаралық балалар съезі, ауылдық жерлерден және аз қамтылған отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге арналған түрлі байқаулар сынды іс-шаралар өткізеді.Экологиялық іс-шаралар мен қайырымдылық концерттерін ұйымдастыра отырып, волонтерлік қызметке белсене қатысады. Халықаралық мәдени орталық жетекшісі Камилия Исмаилованың айтуынша, бүгінде тәуелсіз еліміздің өркендеуі үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Сондықтан оны жетілдіріп, дамытып отыру маңызды.

 

Тақырып бойынша материалдар

КҮРШІМ МЕН АБАЙ АУДАНДАРЫ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ
17:15, 5 мамыр 2021
КҮРШІМ МЕН АБАЙ АУДАНДАРЫ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар