ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

БАЛАЛАР АРАСЫНДА ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

13:34, 10 ақпан 2021

"Оқу мектебі" республикалық жобасын жүзеге асыру аясында "Дарын" орталығы Пушкин атындағы облыстық кітапханамен бірлесіп "Оқы және жеңесің" байқауын өткізді. Кітап эстафетасына өңірдің түкпір-түкпірінен 3000 мыңға жуық оқушы қатысты. "Оқы және жеңесің" байқауы 6 және 8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Қысқы демалыс кезінде балаларға шетелдік және отандық авторлардың бірнеше кітабын оқып, викторинаға қатысу ұсынылды. Сондай-ақ, байқау аясында 30 сұраққа жауап беру керек. Жоба аясында балалар жазушыларының жас оқырмандармен онлайн-кездесуі ұйымдастырылды. Балалар Мәди Айымбетовке, Зира Наурызбаеваға, Толымбек Әбдірайымовқа өз сұрақтарын қойды. Жоба жеңімпаздарының бірі Аруа Еркінқызы сайыстың 30 сұрағына мүдірмей дұрыс жауап берген өрен. Қатысушының айтуынша, ол ұсынылған кітаптарды асқан қызығушылықпен оқыды. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, байқау көктемгі демалыста тағы жалғасын табады

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар