ШҰҒЫЛ! ЖАҢА БАСПАНАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ

13:30, 29 сәуір 2021

Өскеменде «Дала дидары» облыстық өнер фестивалінің аясында Алтай ауданының суретшілері мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің туындылары ұсынылды.  Бұл жолғы көрме несімен ерекшеленді? Көрмеден осы өңірдің ерекше дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен жан-жақты танысуға болады. Ағаштан ойып жасалған және жостов кескіндемесі үлгісіндегі туындылар көздің жауын алады. Көрмеге тек  кәсіби суретшілер ғана емес, әуесқой қылқалам шеберлері де картиналарын ұсынған. Светлана Филонованың суреттерінде қайың қабығы майлы бояулармен біріктірілген. Суретші екі жанрдың түйіскен жерінде жұмыс істейді, бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнерді үйлестіре білееді, әр әдіс-тәсілді өз шығармаларында қолданады. Алтай ауданынан келген шеберлердің туындылары ұсынылған көрме  мамыр айының 25-не дейін жұмыс істейді.

 

Тақырып бойынша материалдар

КҮРШІМ МЕН АБАЙ АУДАНДАРЫ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ
17:15, 5 мамыр 2021
КҮРШІМ МЕН АБАЙ АУДАНДАРЫ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар