ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

АБАЙ – ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

13:30, 18 ақпан 2021

  «Ұлы ақын, ойшыл Абай ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы Ағартушылық немесе Ояну дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығына айналды». Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Абай аманаты» атты мақаласында осылай деп жазған болатын. Елбасы «тәуелсіз жас мемлекеттің негізін қалау миссиясы бұйырғанда хәкім Абайдың өсиетіне жүгініп, ел болашағына жаңаша көзқараспен қарағаным хақ» деп өз ойын тарқатады.  «ХХ ғасырдың екінші онжылдығында, дәлірек айтқанда, 1913 жылы ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» дей келе, соған қарамастан Абайдың есімін тек Семей мен Ақмола облыстарының қазақтары ғана білетінін, ал дүниеден қайтқан соң жарық көрген жалғыз кітабы ел ішіне кеңінен таралмай жатқаны туралы қынжыла жазған еді. Қарап отырсақ, содан бергі бір ғасырдың көлемінде бірте-бірте ұлы ақынның даңқы жер жүзіне әйгілі болатындай деңгейге жетіппіз. Ол – алдымен, әлбетте, Абайдың теңдессіз кемеңгерлігінің, содан соң тәуелсіз мемлекеттігіміздің арқасы» деп жазады Елбасы. Расымен қоғам болып қалыптасуда Абайдың пайымы маңызды. Демек Хәкімнің өсиеттері қашанда өміршеңдігімен дараланбақ. Елбасы өз еңбегінде Абайды Қазақ елінің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазына балайды.  «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп». Расымен, Хәкімнің бұл өсиеті көпұлтты Қазақстан үшін темірқазықтай. Егемен ел атанған уақыттан бері ұлы ақынның шығармалары том-том болып жарық көрді. «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі құрылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
13:36, 25 ақпан 2021
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...