ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«Абай аманаты»

13:32, 1 маусым 2021

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рухына бағыштап «Абай аманаты» атты мақала жазған еді. Мақала талайды толғантып, көптің көкейінде жүрген түйткілді сауалдарға берілген жауап қана емес, Абай жылын қорытындылайтын ғибратты еңбек деуге негіз бар. Себебі, Абай қашан да қазақпен бірге, онымен үндес, сырлас. Елбасы мақаласының басында ұлы тұлғалардың тарихтың аумалы-төкпелі кезеңінде дүниеге келіп, сондай аласапыран уақытта ұлтын өрге тартатын көреген көшбасшыларға айналатынын жазады.  Ұлы ойшылдың ғибраттары ел басқарудағы іс-әрекетіне ықпалы жайында жан-жақты баяндайды. Мәселен, Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы шешімі ақынның «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» қағидасымен іштей үндесіп жатыр.  Ұлы Абайдың 175 жылдығын елеусіз-ескерусіз қалдырмау, ең бастысы, һәкімнің шығармаларын ұлықтау, одан әрі насихаттау мақсатында карантиндік шектеулерге қарамастан елімізде бірқатар тағылымды шаралар ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласында Абай академиясы ашылды. Ал Өскеменде Абайтану институты жұмысын бастады. Абайдың ерекшелігі –  ол өз халқының болмысын терең түсіне білуінде. Абай шындықты шырылдатып айта алатын, қайсар мінезді, терең ойлы философ. Әлем итальялықтарды Данте, ағылшындарды Шекспир, орыстарды Пушкин арқылы таныды. Ал қазақ Абай арқылы танылды. Елбасы өз мақаласына арқау еткен өзекті ой осы.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Екі елге өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетіледі
13:36, 26 қараша 2021
Екі елге өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетіледі
Толығырақ...