«Мейірім шуағы»

ШБ жетекшісі: Аида Жабағиева

Шеф-редактор: Асира Нажмаддинова

Редакциясы: «Тақырыптық бағдарламалар»

Қоюшы-режиссері: Азамат Есенжолов

Авторы: Мерей  Шохманова

Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: сейсенбі 18.30;

Ұзақтығы: 20 минут

Қайталанатын уақыты:  сәрс: 10.20; жекс: 20.20.

Жиілігі: айына 1 рет

Байланыс телефоны:  52-28-83, 87752998854

E-mail: oskementv@kaztrk.kz mereyka-vko.88@mail.ru

«Мейірім шуағы» тележурналы Өмірде тағдыр тармағы бұралаң жандар көп. Олардың өз әлемі бар. Дегенмен, көпшілік оларды дұрыс қабылдай алмай жатады әдетте. «Мейірім шуағы» әлеуметтік тележурналы өмірдің бар қиындығын көріп, қайтпас қайсарлықпен, шексіз шыдамдылықпен жетістікке жетіп жүрген жандарды, алаңсыз ғұмыр үшін күресіп, әділдіктен күдер үзбеген азаматтарды бұқараға танытуға арналған хабар. Қоғам өкілдері бұл азаматтардың жай-күйіне бейжай қарамауы керек. Олар үшін кемел келешек кедергісіз басталуы тиіс. Бұған сіз, біз және бүкіл адамзат мұрындық болғаны ләзім. Біздің хабар осыны көксейді. Қоғамның толық мүшесі бола тұра, өмірде өз орнын таба алмай жүрген замандастар, жалғызбасты аналар, аз қамтылған отбасылар, жетім балалар немесе тағдыр тауқіметіне душар болып, кемтарлыққа ұшыраған адамдар, айықпас дертке шалдыққандар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, қоғамнан аластатылғандар, елеусіз қалған жас өнерпаздар кейіпкер де бола алады. Біз оларға ақпараттық қолдау көрсетеміз. Хабар бірнеше айдардан тұрады. (Кейіпкер келбеті, Үміт алауын  маздатқандар, Мен де өмірдің гүлімін). Хабарға әлеуметтік қызметкерлер, билік өкілдері, психологтар мен заңгерлер және қарапайым бұқара қатыса алады.

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24