ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

«ТОРПЕДО» ҰПАЙ ЖОҒАЛТТЫ

17:28, 19 қараша 2020

Ерлер арасында өтіп жатқан ел біріншілігінде жеңіліссіз келе жатқан өскемендік «Торпедо» кеше алғаш рет ұпай жоғалтты. Торпедолықтар екінші қарымта кездесуде «Алтай Торпедоға» есе жіберіп қойды. Алғашқы кездесудегідей ойындағы алғашқы шайбаны «Алтай Торпедо» салды. Шабуылға түгелдей ұмтылған торпедолықтар өз алаңдарын ұмыт қалдырды. Жағдайды ұтымды пайдаланған  Дзедаев есепті ашты. Дегенмен «Алтай Торпедоның» қуанышы ұзаққа созылмады. Небәрі үш минуттан соң есеп теңесті. Қарсылас қақпасынан саңылау тапқан  Архипов.  Дегенмен, «Алтай Торпедо» ойыншылары қарсыласты толассыз шабуылдарымен есеңгіретті. Төгілген тер еш кетпей  Гурин мен Хоменко өзара пас алмасып есепті 2:1-ге жеткізді. Үшінші шайбаны торпедолықтар өз қателіктері салдарынан жіберіп алды. Дзедаевтың пасын   кәдеге жаратқан  Линник ойындағы соңғы нүктені қойып, таблодағы көрсеткішті 3:1-ге жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...