ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

СПОРТТЫ СЕРІК ЕТКЕН ҚАЙСАР ЖАНДАР

17:38, 29 қыркүйек 2020

Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың тағдыры сан қилы. Біреулері туа бітті кемтар атанса, енді біреулері тағдырдың тәлкегін бастан кешіріп отыр. Дегенмен, мұндай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету - қоғамның басты парызы. Ерекше күтімді қажет ететін адамдардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлінеді. Олардың өздерін толыққанды қоғам мүшесі ретінде сезінуі үшін көп жұмыстар атқарылуда. Соның бірі қамкөңіл жандарды спортқа бейімдеу. Облыста тірек-қимыл қозғалыстары зақымданған, көру және есту мүмкіндігінен айырылған мүгедектігі бар адамдарды параолимпиядалық ойындарға белсенді түрде қатыстыру жолға қойылған.

Шығыс Қазақстан облысында 55 мыңнан астам мүгедектігі бар жандар тұрып жатыр. Оның бес мыңнан астамы балалар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлерінің қай қайсын алып қарасақ та, спортшылардың талабын ұштауда. Параолимпиядалық спорттың түріне жататын жүзумен жүйелі түрде айналысатындар қаладағы орталық бассейінде жаттығады. Бір сөзбен айтқанда әр адам дене қабілетінің мүмкіндігіне орай спортпен шұғылданады. Көріп тұрғандарыңыздай, спорттың қай кезде де пайдасы мол. Келушілер арнайы жаттығу залында спортпен шұғылданады. Түрлі спорттық сайыстарға қатысады.

Әсіресе мүгедек адамдар арасында суда жүзу спортынан алатын жарақат аз болғандықтан, аталмыш спорт түрімен шұғылдануға кеңес береді. Балалықпен шалалық жасап, ойнап жүріп от басқан ойын баласы Дамир тоқ көзіне түсіп, бір қолынан айырылған. Осыған қарамастан ол спортпен шұғылданып, сүйікті ісімен айналысып жүр. Соңғы жылдары спортпен айналысатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны анағұрлым артты, паралимпиадалық спортшылардың жеңістері мен медальдарының саны өсуде. Бір сөзбен айтқанда, мүгедектігі бар жандарды спортқа бейімдеу оларды оңалтудың қуатты құралы іспетті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар