ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

Спорт онлайн режимде

17:47, 14 мамыр 2020

ҚР мәдениет және спорт министрлігі елдегі бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспарын таныстырды. Бұл ретте сабақтан тыс дене шынықтыру сағаттары үшін мұғалімдерге үстеме ақы төленбек. Сондай-ақ білім беру мекемелерінде ұлттық спорт түрлеріне ден қойылып, бірнеше министрліктер деректер базасымен байланысатын  е-sport арнайы ғаламтор порталы жасалмақ. Кешенді жоспар кезең-кезеңімен орындалады. Маңызды өзгерістер қатарында мелекеттік қызметтер мен спорттық нысандар бойынша е-sport порталында цифрландыру жұмысы. Айта кету керек, смарт-жүйе жарыстар қорытындысы бойынша өздігінен спортшыларға атақ береді. Бұрын спорттық атақ алу үшін көп құжат жинау тиіс болатын. Бұдан басқа, спорттық нысандар да цифрландырылады. Порталда үйірме жайлы ақпаратты, сайыстардың уақыты мен орны туралы, жаттығулар кестесін де білуге болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар