ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

Спорт - денсаулық кепілі

17:20, 12 маусым 2020

Пандемия уақытында көптеген іс-шараларды өткізуге шектеу қойылды. Ойын-сауық орталықтары жұмыстарын тоқтатып, адам көп жиналатын жерлерге баруға мүлдем тыйым салынды. Сондай-ақ төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін санитарлық талаптарды сақтау ережесі енгізілді. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану үшін нені ескеру керек? Санитарлық-эпидемиялогиялық талаптар қаншалықты сақталуы тиіс? Өскемендегі Славский атындағы жағалау тұрғындардың серуен құратын сүйікті орындарының бірі. Отбасылық серуеннен бөлек мұнда спортпен шұғылдануға да мүмкіндік бар. Алайда, мамандар коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында қоғамдық жерлерге жиі бармауға кеңес береді. Мұндай орындардың қатарына фитнес-залдар, бассейндер, тау спорты, йога орталықтары жатады. Жаттықтырушылар өз кезегінде таза ауада немесе үйде жаттығу жасау керектігін айтады. Спортты жанына серік еткендерге «Самал» саябағында да арнайы орын жасақталған. Бұл жерде түрлі жаттығуға қажет құралдары бар. Сонымен қатар шығыс жекпе-жегімен айналысам деушілерге де көңіл бөлінген. Қазіргі таңда деннің саулығына баса мән берген жөн. Спортпен шұғылданған да абзал. Алайда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын мұқият сақтауды да ұмытпау қажет.

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢ ШАҚЫРЫМДЫҚ ВЕЛОШЕРУ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
12:43, 14 қыркүйек 2020
МЫҢ ШАҚЫРЫМДЫҚ ВЕЛОШЕРУ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар