ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ӨСКЕМЕНДІК ДЕРБИ

15:27, 18 қараша 2020

Кеше кешкісін Борис Александров атындағы спорт сарайында ел біріншілігі аясында өскемендік қос құрама өзара кім мықтыны анықтады. Ерлер арасында өтіп жатқан чемпионаттың көшбасшысы «Торпедо» ірі есеппен «Алтай Торпедоны» тізе бүктірді. Бұл кездесуде негізгі алаң иелері «Алтай Торпедо» құрамасы болды. Ойындағы алғашқы есепті ашқан да солар. Таблодағы есепті өзгерткен Колобов. Ал есепті бұдан кейін еселеуге  «Алтай Торпедоның» қауқары жетпеді. «Торпедолықтар» ойын барысын өз қолына алып қарсыластарын қарымта шабуылдармен есеңгіретті.  Кезекті шабуылдардың бірінде Шин көзге түсіп 13 минутта қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Тартысты ойынның екінші кезеңі қай команданың басым, дайындығы жоғары екенін көрсетті. Алдымен  Мерескин командасын есепте алдыға шығарса, артынан Кучиннің пасын ұтымды пайдаланған Савицкий таблодағы көрсеткішті 1:3-ге жеткізді. Ал ойындағы соңғы нүктені Гуркин қойды. Бұл кездесуде «Алтай Торпедо» құрамасының қақпашысының ойын өрнегіне жоғары баға берген жөн. Себебі, ол тура бағытталған 44 соққыны қайтарған.  Атап өтерлік тағы бір жайт, Олег Болякин шәкірттері ел чемпионатындағы 13-ші жеңісіне қол жеткізіп, турнирлік кестенің көш басында келеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...