ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ 19 ШАҒЫН АУДАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС СПОРТЫНДА ОҢ НӘТИЖЕЛЕР КӨП

14:52, 13 қазан 2020

Шектеу шаралары толықтай алынбаса да Шығыс спорты бір орында тұралап қалмады. Жоспарланған 700 спорттық-бұқаралық шаралардың биыл 172-сі өткізілді. Оған 15 мыңнан астам адам қатысқан. Сондай-ақ, шахмат, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика мен өзге де бірнеше спорт түрлерінен 18 сайыс онлайн режимде ұйымдастырылды. Аймақтағы спорт нысандарының саны ғана емес, атлеттердің де жеңістері артып келеді.

594 алтын, 463 күміс және 447 қола медаль. Шығысқазақстандық спортшылардың биылғы жүлделері осындай. Бұл ретте облыс әкімдігі тарапынан көрсетілетін қаржылай қолдауды айта кеткен жөн. Спортшыларға облыс әкімі атынан тұрақты түрде стипендия төленеді. Ал, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада жүлдегерлері мен чемпиондары толық баспанамен қамтамасыз етілген.

 Халықтың спортпен шұғылдануы үшін бірнеше нысандар салынды. Бүгінде олардың саны 3 мыңнан асады. Бұған қоса, тағы да 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 2 жүзу бассейні мен бір спорт модулінің құрылысы қолға алынған. Осы жылы жерлес екі даңқты спортшымыз Жапонияның  астанасында өтетін  32-нші жазғы Олимипиадаға жодама жеңіп алды. Қазақстан намысын жеңіл алтетика бойынша Ольга Рыпакова, ал еркін күрестен Данияр Қайсанов қорғайтын болады. Осыған байланысты әлем чемпионы Ольга Рыпакова облыстық мәслихат депутаттарының құрамынан шықты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев жеңіл атлетика шеберін облыс дамуына қосқан еңбегі үшін құттықтап, алғысын білдірді. Сонымен қатар, облыс спортының қарыштауына өлшеусіз үлес қосқанын айтты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар