ШҰҒЫЛ! «ҚАЗАҚСТАН» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ САЙЛАУ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЭФИРГЕ ШЫҒАРУ ШАРТТАРЫ Толығырақ

МЫҢ ШАҚЫРЫМДЫҚ ВЕЛОШЕРУ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

12:43, 14 қыркүйек 2020

«Нұр-Сұлтан-Жидебай» велошеруіне қатысушылар мәреге жетті. Олар Семейден шыққан соң еліміздің әрбір тұрғыны үшін қасиетті саналатын киелі орындарға аялдап, қалған жолды жүріп өтті. Ұлылар мекеніне дейінгі жол әуесқой спортшылар үшін оңайға түскен жоқ. Семейден Жидебайға дейін шамамен 180 шақырым. Әуесқой велосипедшілер үшін жол оңай болған жоқ. Алайда, «Нұр-Сұлтан – Жидебай» велошеруіне қатысушылар: журналист Дәулет Қалиасауов, оқытушы Ернат Мелсұлы мен археолог Жасұлан Үкеев алға қойған мақсаттарына жету үшін барын салды. Олар бірнеше жүздеген шақырым жолды артқа қалдырды. Алыс жол велошеруге қатысушылардың темір тұлпарларына да әсер етті. Велосипедтері бұзылған жағдайда, дереу жөндеп сапарларын жалғастырып отырды. Велошерудің мақсаты - ұлы ақындарымыздың шығармашылығы мен рухани мұрасын насихаттау ғана емес, сонымен қатар Абай мен Шәкәрімнің кіндік қаны тамған және өмір сүрген жерлері туралы барынша ақпарат алу. Күшікбай асуы өзінің мөлдір бұлақтағы суымен танымал. Мұнда олар туған жерін қорғаған Күшікбай батыр туралы қызықты деректерге қанықты.

«Нұр-Сұлтан – Жидебай» велошеруіне қатысушылар 900 шақырымнан астам жолды жүріп өтіп, Күшікбай асуына аздап аялдағаннан кейін, сапарларын жалғастырды. Саяхатшыларға жол бойындағы елді мекендердің тұрғындарры мен қарсы жолда келе жатқан көліктердің жүргізушілері қолдау көрсетті. Келесі аялдайтын орын – Еңлік-Кебек ескерткіші. Мұнда велошеруге қатысушылар қос ғашықтың рухына зиярат етті. Сапар барысында Құнанбай Өскенбайұлының әулеті жерленген Ақшоқыда болды. Қасиетті жерге келген велошеруге қатысушылар ұлы ақынның ата-бабалары мен туыстарына Құран бағыштады. Олар мұражайғда болып, Абай Құнанбаевтың әкесі туралы ақпаратпен танысып, жеке заттарын тамашалады. Велошеруге қатысушыларды Абай елі салтанатпен қарсы алды. Ақынның әндері әуеледі. Қарсы алушылар ұлы ойшылдың рухани мұрасын насихаттауда саяхатшылардың зор үлес қосқандарын атап өтті. Велосипедшілер Жидебай кешеніне барып, Абай мен Шәкәрімнің рухына тағзым етіп, аймақтың барлық тұрғындарына жылы лебіздерін білдіріп, қолдағандары үшін алғыстарын айтты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...