ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ 19 ШАҒЫН АУДАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДЫ ҮЙРЕТЕДІ

12:58, 14 қазан 2020

Қыс – қыр астында.  Қыстың да өз қызығы жетерлік. Қыспен бірге коньки, шаңғы тебу маусымы да басталады. Мәнерлеп сырғанауды үйренемін деушілерге жағымды жаңалық. Өскеменде алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан тренингтер өткізіле бастады. Мұндай шара бұрын-соңды ұйымдастырылмаған. Бұл тренингтің ерекшелігі, коньки теуіп үйренгісі келетін ересектерге арналған. Тренинг басталысымен  мамандар мұзға қалай дұрыс тұру керектігін түсіндірді. Қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Сондай-ақ, коньки үйрену кезіндегі жиі кездесетін қателіктерді жан-жақты талқылады. Мұнда келгендердің көпшілігі жас хоккейшілердің немесе мәнерлеп сырғанаушылардың ата-аналары. Сондай-ақ, жаттығу өткен спорт сарайында мұз жамылғысының сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілгенін де айта кеткен жөн. Мысалы, тоңазытқыш жабдықтары ауыстырылды.  Коньки тебушілер карантиндік шектеулер жеңілдетілгеннен кейін әдеттегі жаттығу режиміне оралды. Бұған дейін олардың жаттығулары қашықтықта өткен. Бұл  спортшыларға да, жаттықтырушыларға да  қолайсыз еді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар