
Шығыс Қазақстанда соңғы бір жылда "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде 50-ден астам жоба жүзеге асты. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен барлығы 8 миллиард теңгеге жуық ақша бөлінген. Нәтижесінде тірек ауылдарда жаңадан әлеуметтік нысандар салынып, білім, медицина мекемелері және жолдар жөнделді. Сондай нысандардың бірі-Күршім ауданында пайдалануға берілді. Аудан орталығында жабық жүзу бассейні ашылды. Бес жолақты жүзу бассейннің ұзындығы 25, ені 8 метр. Жаңа спорт нысанында су спортының барлық түрімен шұғылдануға жағдай жасалған. Ғимараттың ішінде жаттығу залы және тамақ ішетін бөлме де бар. Бассейіннің игілігін халық карантиндік шектеулер аяқталған соң көре бастайды.