ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ САТҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ Толығырақ

КӨПТЕН КҮТКЕН ЖЕҢІС

13:30, 12 қаңтар 2021

Шайбалы хоккейден ерлер арасындағы ел біріншілігінде қатарынан жеті жеңілістен кейін Өскемендік "Алтай Торпедо" клубы қа      йтадан жеңіс жолына оралды. Өткен матчта өскемендік өрендер рудныйлық "Горняк" құрамасынан 3:2 есебімен айласын асырды. Рудныйлықтар «Алтай Торпедо» құрамасынан  көп ұпай алуға барынша тырысып бақты. Бірінші кезеңнің өзінде «Горняк» ойыншылары қарсылас қақпасына лап қойды. Толассыз шабуылдарымен алаң иелерін біраз есеңгіретіп тастағаны да бар. Екінші кезеңнің 22-ші минутында өскемендік команда есеп ашты. Қарсылас қақпасынан саңылау тапқан Жанғазинов болды. Небәрі сегіз минуттан кейін рудныйлықтардан Ахметалиев шайба авторы атанып, есепті теңестірді.  Ал 33-минутта алаң иелері тағы да алға шықты. Таблодағы есепті өзгерткен Худяковтың шайбасы еді. Ойынның соңғы кезеңінде "Алтай Торпедо"  құрамасы есепті 3:1-ге жеткізді. Бұл жолы көзге түскен Хоменко. "Горняк" хоккейшілері соңғы сиренадан 7 минут бұрын бір-ақ рет жауап бере алды. Қорытынды есеп  3:2. Алдағы уақытта «Алтай Торпедо» құрамасына бір апта үзіліс берілді. Содан кейін «Алматы» құрамасымен екі тартысты ойын күтіп тұр.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ НЕГЕ НАРАЗЫ?
17:15, 26 қаңтар 2021
ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ НЕГЕ НАРАЗЫ?
Толығырақ...
ДЖИУ-ДЖИТСУДІ МЕҢГЕРГЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР
13:32, 25 қаңтар 2021
ДЖИУ-ДЖИТСУДІ МЕҢГЕРГЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР
Толығырақ...
ӨСКЕМЕНДІ ҚОС КОМАНДА ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
13:34, 20 қаңтар 2021
ӨСКЕМЕНДІ ҚОС КОМАНДА ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
17:15, 20 қаңтар 2021
ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
Толығырақ...