
Өскемендік «Торпедо» ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында өз алаңында атыраулық «Бейбарыс» командасымен қарымта кездесу өткізді. Толығырақ келесі бейнематериалда. Қарымта кездесу тартысқа толы болды. Екі команда сапында ережені бұзған сәттер де жиі тіркелді. Тіпті атыраулық команданың бас бапкері Артем Аргоков ойыннан 2 минутқа шеттетілді. Ойындағы шеттетілген ойыншылардың көп болғанына қарамастан, екі команда да ұрымтал сәтті пайдалана алмады. Ал тартысты ойын барысында жалғыз шайбаны «Торпедо» командасының ойыншысы Архипов салып кетті. «Торпедо» турнирлік кестеде 32 ойында жинаған 79 ұпаймен көш басында. Ал «Номад» пен «Сарыарқа» командалары өскемендіктерден 10 және 12 ұпайға қалып келеді.