«Қазақстан оқушысы – 2017»

Жыл сайынғы «Қазақстан оқушысы – 2017» жарысының биылғы турниріне қатысушылар елдің барлық облыстары мен қалаларынан және Өзбекстан Республикасынан жиналды.

21:20, 7 тамыз 2017   105

Велосипедшілерді қолдауға және өскелең ұрпаққа өнеге көрсету мақсатында облыс әкімі Даниал Ахметов жасөспірімдермен бірге алыс қашықтықты жүріп өтті.  Кәсіби шабандоздардан бір елі қалмай, мәреге бірге жетті.

Биылғы «Қазақстан оқушысы-2017» халықаралық сайысы қатысушылар есінде көпке қалмақ. Өйткені, турнир алдындағы дайындық кезеңінде шабандоздармен бірге  облыс әкімінің өзі де жүріп өтті. Ол спортшылармен бірге Шешек асуынан Мамай Батырға дейінгі аралықты, яғни, барғаны мен қайтқанын қоса алғанда, 25 км-лік қашықтықты бағындырды.

 

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24