«Алтай» волейболшылары бірінші орынға шықты

Атырауда ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының IV туры басталды.

22:05, 16 ақпан 2017   50

Өскеменнің  «Алтай» командасының волейболшылары  үстіміздегі жылғы ойын маусымында бірінші рет Ұлттық лиганың турнир таблицасынан бірінші орынға шықты. Атырауда ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының  IV туры басталды. 

Өскемендік «Алтай» өзінің басты қарсыласы  «Алматы-Буревестник» командасымен кездесті. Осыған дейін оңтүстік астаналық волейбол ұжымы Игорь Никольченконың ойыншыларын айқын басымдықпен жеңіп келген еді. Сондықтан тойтарыс беру маңызды деп есептейді жерлестеріміз. Десе де, ойдағы мақсатын алған тартқан алтайлықтар бұл бәсекеде жеңіс тұғырынан көріне білді. Бірінші партия 25:19 есебімен аяқталса, келесі  форматтан айрықша 35:33 есебімен тәмамдалып, алтайлықтардың пайдасына шешілді. Қорытынды 4 партияда 25:22 есебімен біздің команда жеңіске жетті. Команда ішінде Максим Мищенко, Дамир Әкімовтер үздік нәтиже көрсетіп, ерекше көзге түсті.

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24